Күзде Қызылорда қаласында 13 балабақша ашылады

Фотография - Күзде Қызылорда қаласында 13 балабақша ашылады

 Қызылорда қаласында күзде 13 балабақша ашылады

381 0

 Қызылорда қаласында күзде 13 балабақша ашылады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен тұрақты кеңесте қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев хабарлады.

Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында жұмысын бастайтын «Еркем-ай», «Шұғыла-2», «Томирис», «Шөмекей Жас Нұр-2», «Бөпежан», «Димаш-Сұлтан», «Балнұр Орда-2», «Қайсар», «Гүлжан», «Солнышко-Бөбек», «Айым», «Ұлпан» балабақшаларына кезекте тұрған 1250 бүлдіршін қабылданатын болады. Аталған бүлдіршіндер мекенінің біреуі мемлекеттік, қалғаны жекеменшік балабақша болмақшы.

Айта кету керек, қазір Қызылорда қаласында «Балапан» бағдарламасы аясында 9871 баланы қамтитын 99 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!