ҚР ККМ Қазақстанға әкелінетін автокөліктендің талапқа сәйкес келу кестесін қолдану тәртібін түсіндірді

Фотография - ҚР ККМ Қазақстанға әкелінетін автокөліктендің талапқа сәйкес келу кестесін қолдану тәртібін түсіндірді

ҚР ККМ Автомобиль көлігі департаменті Қазақстанға әкелінетін автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының Еуро-2, 3, 4, 5 талаптарына сәйкес келу кестесін қолдану тәртібін түсіндірді.

221 0

ҚР ККМ Автомобиль көлігі департаменті Қазақстанға әкелінетін автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының Еуро-2, 3, 4, 5 талаптарына сәйкес келу кестесін қолдану тәртібін түсіндірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағына бұрын пайдаланылған автокөліктер олардың зауыттан шығарылған жылы мен шығарылған еліне сәйкес экологиялық санатын анықтайтын арнайы Кестеге сәйкес жеңілдетілген тәртіпте әкелінеді. Осылай, Еуро-4 стандартына Еуропалық Одақ елдерінде 2005 жылдан, АҚШ пен Кореяда 2006 жылдан, Жапония мен Ресейде 2010 жылдан, Қытайда 2012 жылдан бері шығарылған көліктер жатады.

Сонымен қатар, автокөлік құралдарының Кестеде көрсетілген Еуро-4 және одан да жоғары стандарттар талаптарына сәйкес келуі отандық сертификаттаушы орган берген сәйкестік сертификаттарымен куәландырылуы тиіс.

Егер Кестеде көлікті шығарған ел көрсетілмеген болса, 3 жылға дейін қолданылған автокөлік құралдарының экологиялық нормаларына сәйкес сертификаттау органдары үлгіні мақұлдау туралы құжатты негізге алатын болады.

Ал үлгіні мақұлдау туралы құжаты жоқ, 3 жылға дейін және 3 жылдан артық қолданылған автокөлік құралдарының иелері шығарушы-зауыттың сертификатын немесе автокөлік құралының аталған экологиялық стандарттарға сәйкес келетіндігін дәлелдейтін паспортын көрсетулері тиіс.

«Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыны Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылғы ақпан айында қабылдағанын естеріңізге салып өтеміз.

Аталған шара автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың Кедендік одаққа мүше елдер мен көптеген шетелдік мемлекеттерде қолданылатын техникалық талаптарға сәйкес келуіне бағытталған. Мысалы, Ресей Федерациясы мен Белорусияда Еуро-4 стандарты импортталатын автомобильдер үшін 2010 жылдан бастап енгізілсе, ал Еуродаққа мүше мемлекеттерде Еуро-4 экологиялық стандарты 2005 жылдан бастап қолданылып келеді.

Көрсетілген норманың енгізілуі елдің экологиялық ахуалын жақсартуға, автомобиль көлігі тасымалының қауіпсіздігін жоғарылатуға және автокөлік құралдарының паркін жаңарту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Еуро-4 стандарты Еуро-3 стандартымен салыстырғанда бөлінетін көміртегін 2,3 есе, ал көмірсутегін 2 есе төмендетуді көздейді, бұл ауаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін 40%-ға азайтуды қамтамасыз етеді.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!