Мәжілістің ең жас депутаты Сыр өңірінде болды

Фотография - Мәжілістің ең жас депутаты Сыр өңірінде болды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Қызылорда облысының аудан орталықтары мен үлкенді-кішілі ауылдардағы халықпен кездесулер өткізуде

290 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Қызылорда облысының аудан орталықтары мен үлкенді-кішілі ауылдардағы халықпен кездесулер өткізуде.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сайлаушылармен болған кездесулердің басты тақырыбы Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауы болып табылады.

Алмас Тұртаев Арал ауданынан шалғай орналасқан Қосаман және Ақеспе ауылдық елді-мекендерінің халқымен кездесіп, хал-жағдайымен танысты.

Мал шаруашылығымен айналысатын ауылда төрт түліктің саны 5500-ге тарта. Халықты толғандырып жүрген мәселелер осы ірі-қараларды жем-шөппен қамтамасыз ету, сонымен қатар жақын жерден аяқсу тарту, медицина мамандарының тапшылығы болып отыр. Ауылға қарай қатынайтын жол жоқтың қасы.

Ал Ақеспе ауылы Арал теңізінің жағасында орналасқан, үйлердің басым көпшілігін терезенің аумағына дейін құм басып қалған. Мұнда жаңа жер беріліп тұрғындарды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауылда жұмыссыздық басты мәселеге айналған. Ауылдардың мұң-мұқтажымен танысқан Алмас Ұзақұлы облыс, аудандық әкімшілікпен келісіп мәселенің түйінін шешуге атсалысатынын айтты.

Депутаттың Арал ауданына сапары Сексеуілде жалғасын тапты. Темір жол бойында орналасқан бұл кентте 11 мыңға жуық халық тұрады.

Тұрғындарды мазалап отырған мәселелер жарық бағасының қымбаттауы, кентте аурухананың жоқтығы, сумен қамтамасыз етіп отырған «Сексеуіл су сервис» мекемесінің техникалық базасы ескірген. Газдандыру мәселесі де айтылмай қалмады.

Сөз соңында Алмас Ұзақұлы ортаға салынған ұсыныстардың барлығын тиісті жерге көтеруге дайын екенін және бірлесіп бірлікте жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ, халық қалаулысы Қамыстыбас ауылының жергілікті тұрғындарымен кездесті. Басқосуға ауыл тұрғындарымен қатар аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты. Екі мыңнан аса халық мекендейтін ауылдың хал-жағдайы мен жасалып жатқан жұмыстардың жүйесін баяндап берген ауыл әкімінің есебінен кейін сөз алған Алмас Тұртаев тұрғындарға Парламент Мәжілісінің 5-ші шақырылымының екінші сессиясының қорытындыларын, қабылданған заң жобаларының халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге қаншалықты маңызды екеніне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар «Мемлекеттік өзін-өзі басқару» туралы заңына енгізіліп жатқан өзгерістердің мақсатын айқындап, алдағы болатын ауыл әкімдерін сайлауда халықтың барынша белсенді болуы керек екендігіне баса мән берді. Алдағы уақытта арнайы қоғамдық қор құрылып, ол қоғамдық бақылауда болатынын жеткізді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!