Елбасы Белгия корліне құттықтау жеделхатын жолдады

Фотография - Елбасы Белгия корліне құттықтау жеделхатын жолдады

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Альберт II-ге және оның ұлы Филипке жоғары биліктің ресми түрде берілуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

241 0

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Альберт II-ге және оның ұлы Филипке жоғары биліктің ресми түрде берілуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Жеделхатта ҚР Президенті Бельгияның ұлттық мерекесі Корольдің ант беру күнімен құттықтап, бұл күні биліктің берілуінің символдық мәні барын және маңызды тарихи оқиға болып саналатынын атап өтті.

Король Альберт II-нің атына жолданған құттықтау жеделхатта «Өкілеттігіңізді ұлыңызға беруіңіз Бельгия халқының есінде қалатын тарихи маңыздылығы зор оқиға болмақ. Мен Брюссельде өткен екіжақты кездесулерді ықыласпен еске аламын. Елдеріміз арасындағы достық пен екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі қадамдар сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында іске асырылғаны анық», - деп атап өтілген.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!