Премьер-Министр экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді

Фотография - Премьер-Министр экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді

Бүгін еліміздің бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланған Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді

359 0

Бүгін еліміздің бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланған Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе, әлемдік экономикадағы үдерістерді ескере отырып, еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштеріне ұдайы мониторинг және сараптама жасауды жүктеді. «Қажет болса, қолданыстағы дағдарысқа қарсы бағдарламаларға түзету енгізуді ұсынамын. Бұдан бөлек, Экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесе отырып, теңгерімді тарифтік саясатты қалыптастыруды жалғастырсын. Қаржы министрлігі ұдайы негізде бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы мен игерілу жағдайына бақылау жасауы қажет. Мемлекеттік органдар бөлінген қаражаттың тиімді атқарылуы мен салалық бағдарламалардың орындалуын қаперде ұстасын», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Парламент Мәжілісіне 2014-2016 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын және экономикалық даму болжамын ұсынуды тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!