Жартыжылдықта 3,6 мың адам құтқарылды

Фотография - Жартыжылдықта 3,6 мың адам құтқарылды

2013 жылғы 6 айда ТЖМ күштері 3638 адамды құтқарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті

126 0

2013 жылғы 6 айда ТЖМ күштері 3638 адамды құтқарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, төтенше жағдайлар аймағынан 5243 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1517 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық қызмет көрсетілді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төтенше жағдайлар саны 20,2 пайызға, қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандар 18,1 пайызға, зардап шеккендер 22,2 пайызға азайды. ТЖ келтірген материалдық залал 18,7 пайызға төмендеді.

«ТЖМ бөлімшелері тұрақты түрде қажетті күш, ол тәулік бойы әзірлікте тұрады. Жыл бойына әр тәулікте біз азаматтарға көмек көрсетуге 100-240 рет шақыртуға шығамыз»,-дейді В. Божко.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!