Еліміздегі элеваторлар астық қабылдауға дайын емес

Фотография - Еліміздегі элеваторлар астық қабылдауға дайын емес

Еліміздегі элеваторлар астық қабылдауға дайын емес. Тексерістен өткен 41 астық қабылдау орнының оншақтысы талапқа сай келмейді

203 0

Еліміздегі элеваторлар астық қабылдауға дайын емес. Тексерістен өткен 41 астық қабылдау орнының оншақтысы талапқа сай келмейді.

"Сондай-ақ, егінді бөліп жинауға арналған астық сақтау қоймалары жеткіліксіз", - дейді сала мамандары.

Элеваторлардың дән кептіргіш және тазартқыш жабдықтарының дайындығы жіті тексеруден өткен болатын.

Айта кетейік, елімізде сыйымдылығы 14 миллион тоннадан асатын 215 элеватор бар. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қарасты 10 миллион тоннадай астық сақтайтын орын жұмыс істейді.

Дегенмен, егін ысырап болған 2011 жылғы жағдай қайталанбас үшін, астық сақтау қоймаларын жаңарту мәселесі өзкеті күйінде қалып отыр.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда 15 миллион тоннаға жуық астық жиналады деген болжам бар. Бұл өткен жылғы өнімнен 3 млн тоннаға артық.

"Егінді бөлектеп жинауға байланысты шаруалар қоймаларын дайындауы тиіс. Қараусыз қалған қамбалар мен өзге де ғимараттарды пайдалану керек. Оларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп қоймаға айналдыруға әбден болады. Осындай тәжірибені Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті", - деді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!