Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы артты

Фотография - Қазақстанда жаңа көліктер сатылымы артты

Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы автомобиль саласына жасалған шолуында айтылған.

101 0

Қазақстандық ресми дилерлер 2013 жылдың маусымында 14 427 жаңа көлік сатқан. Яғни өткен жылғы көрсеткіштен 71 пайызға жоғары. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы автомобиль саласына жасалған шолуында айтылған.

Өткен айға қарағанда бұл жолы сатылым көрсеткіші 9 пайызға көбейді. Естеріңізге саламыз, ағымдағы жылдың мамыр айында 13,3 мың көлік сатылған болатын.

Сатылған көліктердің ішіндегі импорттың үлесі 79% құрады, ал елімізде құрастырылған көліктер 21% болды (сәйкесінше 54 263 және 14487).

Жалпы 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 68 750 көлік сатылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде сатылған автомобильдер саны 39 980 болды, яғни өсім 72 пайызды құрап отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!