Пара алды деген генерал мен украиндықтарға қатысты сот шешімі шықты

Фотография - Пара алды деген генерал мен украиндықтарға қатысты сот шешімі шықты

Украина азаматтары Александр Школяренко, Александр Хрулев және қазақстандық Алмаз Әсеновке қатысты сот шешімі шықты.

175 0

Украина азаматтары Александр Школяренко, Александр Хрулев және қазақстандық Алмаз Әсеновке қатысты сот шешімі шықты.

Украина азаматтары Қазақстан қылмысты кодексінің 312 бабы 5 тармағы бойынша (ірі көлемде пара беру) бойынша кінәлі деп танылып,  алты жыл бас бостандығынан айрылған. Жазаларын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Бұл туралы хабарлаған әскери соттың баспасөз хатшысы Шолпан Шикетаева олардың мүліктері қоса тәркіленетінін айтқан.

Оның бүгін ақпарат құралдарына мәлімдеуінше, сот шешім кеше шыққан.

Қазақстан қарулы күштерінің қару-жарақ бас басқармасының бұрынғы бастығы Алмаз Әсенов те мүркі тәркіленіп, 11 жылға қатаң режимдегі түрмеге кесілген. Әскери атақтарынан да айрылған ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!