Депутат жетім балалармен жүздесті

Фотография - Депутат жетім балалармен жүздесті

Қостанайда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова жетім балалармен жүздесіп, олардың жағдайымен танысты

381 0

Қостанайда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова жетім балалармен жүздесіп, олардың жағдайымен танысты.

Тағдыр тауқыметін көрген жеткіншектер Рудный қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында салынған 117 пәтерлік үйде тұрып жатыр. Сондай-ақ, екі қолға бір күрек тауып, қоғамның толыққанды мүшесіне айналды. Әлішер – Серік пен Әселдің тұңғышы. 10 айлық бөбектің өз бөлмесі бар. 3 бөлмелі пәтерге ие болған отағасы Серік кеншілер қаласынан кәсіп те тапты. «Үйі бардың күйі бар» демекші бұл отбасы болашағына бек сенімді.

117 пәтерлі үйдің 114-і өз қожайынын тапқан. Қалған 3 пәтердің кілті таяу күндері тапсырылады. Тағдыры ұқсас жастар бұл қоныста тез тіл табысты. Олардың тәрбиесі де назардан тыс қалған емес.

Балабақша тәрбиешісі Бану Күлтина Рудныйда баспана мен жұмысқа ғана емес, бақытына қол жеткізді. Кеншілер қаласының белсенді жастарының бірі. Ол «мемлекеттік бағдарлама менің өміріме тікелей игі ықпалын тигізді» дейді.

Рудный қаласында жыл басынан бері 1200-ден астам адам еңбекпен қамтылған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жаңа кәсіп меңгергендердің арасында жетімдер де бар.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронованың айтуынша, бүгінде Қостанай облысы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын белсенді жүргізіп келеді. Оның ішінде 3-бағыт бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Соның арқасында жетім балалар тұрғын үй, жұмыс тапты. Үйлі-баранды болғандары бар. Олардың бөбектерін балабақшаға орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Мәселені шешу кешенді ұйымдастырылған.

Жетім өскен жандарға мемлекет осылайша шапағатын тигізіп отыр.


Тегтер:

депутат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!