Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады деп күтілуде

Фотография - Еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жауады деп күтілуде

Бейсенбі, шілденің 25-сі Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде күн күркіреп жауын жауады, ұйытқыған жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

251 0

Алматы, Маңғыстау, Павлодар күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, ал Батыс Қазақстанда шаңды дауыл, Шығыс Қазақстанда бұршақ жауады деп болжайды синоптиктер. Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.

Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!