Италияның сыртқы істер министрі Қазақстан елшісін өрескел әрекеті үшін айыптады

Фотография - Италияның сыртқы істер министрі Қазақстан елшісін өрескел әрекеті үшін айыптады

Италияныі СІМ басшысы Эмма Бонино  «Шалабаеваның ісі» бойынша Қазақстан елшісі Андриан Елемесовтың іс-әрекеті өрескел болды деп мәлімдеді.

119 0

Италияныі СІМ басшысы Эмма Бонино  «Шалабаеваның ісі» бойынша Қазақстан елшісі Андриан Елемесовтың іс-әрекеті өрескел болды деп мәлімдеді.

Министрдің айтуынша Қазақстан ынтымастыққа дайын болса Андриан Елемесовке қатысты «барынша адекватты шара» қолданамыз деп мәлімдеме жасады.

«Астана Италиямен жақсы арым-қатынасты қалайтынын хабарлады. Осы жағдайдан кейін (Шалабаеваның депортациясынан кейін) қарым-қатынас сапасы Астананың Алма Шалабаева мен оның қызына қатысты адам құқығы мен қозғалыс бостандығын сақтауға кепілдік беруге және ынтымақтастыққа дайындығына байланысты», - дейді Италияның СІМ басшысы Эмма Бонино.

Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні Италиядан Мұхтар Әблязовтың әйелі мен қызы депортацияланған болатын. Бұл оқиға «Шалабаева ісі» аталып, Италияда үлкен дау туғызды. Дау дамай салдарынан Италияның ішкі істер министрі аппаратының жетекшісі Джузеппе Прокаччини жұмыстан кетті, ал жақында осы елдің Сыртқы істер министрлігінің басшысы Италиядағы Қазақстан елшісі Адриан Елемесовтың енді Италияда қалуы пайдасыз деп мәлімдеді.


Тегтер:

Италия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!