«Қазақмыс» 2013 жылдың екінші тоқсаны бойынша есеп берді

Фотография - «Қазақмыс» 2013 жылдың екінші тоқсаны бойынша есеп берді

деп хабарлайды «Қазақмыс» Тобының баспасөз қызметі.

172 0

Қазақмыс 2013 жылдың алты айы мен екінші тоқсанындағы өндірістік есебін жариялады, деп хабарлайды «Қазақмыс» Тобының баспасөз қызметі.

Меншікті шикізаттан өндірілген катодты мыс мөлшері 2012 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 7 пайызға, яғни 144 мың тоннаға дейін өсті. Бұл жоспарлы жылдық көрсеткішке сәйкес келеді. Кен құрамындағы металлдың тұрақты көрсеткіші, кен өндіру мен өңдеу процесінің үздіксіз жүргізілуі мыс өндірісіне оң әсер етті.

Іліспе өнімдерді өндіру де жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Концентраттағы мырыш өндірісі 63 мың тонна деңгейінде. Ауқымды кен көлемін өңдеудің және айырып алу коэффициентінің жоғары болуының арқасында 7,1 млн. унция күміс өндірілді. Алтын өндірісінің жалпы көлемі 51 мың унцияны құрады.

«Біз жылдың бірінші жартысында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Ал үздіксіз өндіріс пен кен құрамындағы металлдың тұрақты көрсеткіші жылдық өндірістік жоспарымызды орындайтындығымыздың кепілі болып табылады. Қазіргі уақытта қаражатты қордалап, өндірістің тиімділігін арттыру мақсатымен өндірістік қызметіміз бен активтерді қайта қарап, талдау жасап жатырмыз»,- деп мәлімдеді Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!