Нұрсұлтан Назарбаев Испания короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Испания короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос I-ге Галисия провинциясында болған теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

182 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос I-ге Галисия провинциясында болған теміржол апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Қазақстан Президенті көп адамның қазасына әкеп соқтырған Сантьяго-де-Компостела қаласы маңында болған теміржол апаты туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын, сондай-ақ жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан қайғырып көңіл айтатынын жеткізген.

«Осы қиын сәтте, қымбатты досым, қаза тапқан және зардап шеккен жандардың туған-туыстары мен жақындарына менің көңіл айтуымды және қолдауымды жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!