Мемлекет басшысы Ұлттық Банк төрағасын қабылдады

Фотография - Мемлекет басшысы Ұлттық Банк төрағасын  қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады

482 0


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық Банк жұмысын бастапқы режімде жалғастыру қажеттігіне тоқталды.

Ұлттық Банк төрағасы қаржы нарығының барлық сегменті бойынша орнықты өсім байқалғанын, ал инфляция деңгейі 2012 жылғы шілде мен биылғы шілде аралығында 5,9 пайызды құрағанын және жоспарланғаннан 6-8 пайыз төмен тұрғаны жөнінен хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.      



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!