АҚШ Қазақстанға әскери жаттығуларға арналған қалашықты тапсырды

Фотография - АҚШ Қазақстанға әскери жаттығуларға арналған қалашықты тапсырды

«Қазбриг» бітімгерлік бригадасының «Іле» полигонында әскери қызметшілердің бітімгерлік операциялардағы іс-қимылына жаттығатын оқу қалашағының құрылысы аяқталды

287 0

«Қазбриг» бітімгерлік бригадасының «Іле» полигонында әскери қызметшілердің бітімгерлік операциялардағы іс-қимылына жаттығатын оқу қалашағының құрылысы аяқталды. Қалашық құрылысы Қазақстан мен АҚШ Қорғаныс министрлігі арасындағы бес жылдық ынтымақтастық жоспары шеңберіндегі «Бітімгерлік операциялары жөніндегі ғаламдық бастама» бағдарламасы бойынша жүргізілді деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайты.


Бүгін «Іле» полигонында оқу қалашығының ресми ашылуы болып өтті.


Іс-шараға қатысу үшін «Қазбригтің» оқу орталығына Қазақстан Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Талғат Исмаилов және Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшісі Кеннет Фэйрфакс келді.

Полигонда бой көтерген оқу қалашығы қалалық кварталды имитациялау мақсатындағы үйлерден, көшелер мен қиылыстардан тұрады. Қалашық құрылысын АҚШ Қарулы Күштерінің «See Bees» («Теңіз аралары») әскери инженерлік бөлімшесінің командасы жүргізді.


«Оқу қалашығы қалалық жердегі әскери операциялар нысаны болып табылады және қалалық жағдайда ұрыс жүргізу қимылдарын пысықтауға арналған. Қалашық металды контейнерлерден тұрғызылған 17 ғимараттан тұрады. Үйлердің жаттығу кезінде әскери қызметшілер кіріп-шығатын есік-терезелері және қалқалары бар »,-делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, қазақстандық бітімгерлер бөлімшесінің оқу қалашығында патруль жасауға, ғимаратты шабуылдауға, кепілге алынғандарды босатуға және бітімгерлік операциялары шеңберіндегі басқа да іс-қимылдарды жүргізуге мүмкіндігі бар.


Бүгінгі іс-шараға қатысушылар ағымдағы жылғы 10 тамызда «Іле» полигонында басталатын «Дала қыраны» халықаралық бітімгерлік оқу-жаттығулары қарсаңында оқу қалашығының пайдаланылуға берілуін ерекше атап өтті.


Биыл жаттығуға Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Швейцария, Италия, Тәжікстан, Қырғызстан бастаған оннан астам мемлекеттің әскери бөлімшелері қатысады. Бітімгерлер үшін жаңа оқу қалашығының базасында іс-қимылды пысықтау қалалық жағдайда тапсырмаларды орындауда үлкен кешенді тәжірибе болары анық.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!