Қазақстанда қан донорлары жетіспейді

Фотография - Қазақстанда қан донорлары жетіспейді

«Өмір тамшысы» қоғамдық бірлестігі Қазақстанда қан донорларының жетіспеушілігіне алаңдап отыр. «Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдарынан бастап қан донорларының саны екі есеге жуық азайған

194 0

«Өмір тамшысы» қоғамдық бірлестігі Қазақстанда қан донорларының жетіспеушілігіне алаңдап отыр. «Өткен жүзжылдықтың 90-шы жылдарынан бастап қан донорларының саны екі есеге жуық азайған.

   Қазіргі уақытта аталған мәселені шешу бойынша ұлттық көлемде шаралар қабылданып жатыр. Медицина қызметкерлерімен бірге біз соңғы екі жылда қоғамдағы қан донорлығына деген қарым-қатынасты жағымды жаққа біраз өзгерте алдық. Аталған кезеңде өз еркімен тегін негізде 240 мың адам қан доноры атанды.

   Сонымен қатар, ұйым қазіргі уақытта елімізде донорлар жетіспей отырғанын атап өтті. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтерінше, емдеу мекемелерінің сұранысын толық қанағаттандыру үшін 1 мың адамға шаққанда 50 донор болу керек. Қазақстанда бүгінде бұл ара қатынас 1 мың адамға 18 донордан болып отыр. Бұл мәселені жалпы қабылданған әлемдік стандартқа келтіруіміз керек», - делінген ақпаратта.

   Осыған орай, «Өмір тамшысы» ҚБ қоғамды «Қазақстанның қан қызметінің атына негізсіз тіл тигізуден сақтандырады. «Инфекцияның донорлық қан арқылы жұқтырылғаны туралы негізсіз және ойланбай айтылған сөздер тұтастай қан донорлығына деген теріс қарым-қатынастың туындауына әкеледі деп санаймыз. Бұл жағдайда біз басқа мәселеге - қан донорларының жетіспеушілігіне тап боламыз», - деп жазады бірлестік.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!