Қазақстанда мұнайдың заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан

Фотография - Қазақстанда мұнайдың заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан

Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан деп мәлімдеді сейсенбіде қаржы полициясы агенттігінің алқа отырысында сөз сөйлеген агенттік төрағасы Рашид Түсіпбеков

193 0

Мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымын әшкерелеу 3 есе артқан деп мәлімдеді сейсенбіде қаржы полициясы агенттігінің алқа отырысында сөз сөйлеген агенттік төрағасы Рашид Түсіпбеков.


«Нәтижесінде Мұнай және газ министрлігінің мәліметтеріне сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытына ғана келіп түсетін шығуы күмәнді мұнайдың мөлшері 2010 жылғы 300 мың тоннадан осы жылғы 1,5 мың тоннаға дейін азайған»,-делінген қаржы полициясының хабарламасында.


Түсіпбеков баяндамасында ведомствоның алқа отырысында сөз сөйлеу барысында алькогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстарды ашу 2 есе артқанын айтты. Жүргізілген жұмыстың арқасында бюджетке арақ өнімдерін сатудан ғана акциздік төлемдердің 25%-ға артқаны байқалады.


Бұған қоса, қазір алькоголь өндірушілері шығарылған өнімнің нақты көлемін көрсетуге және олардан салық төлеуге мәжбүр. Бұған дәлел – еліміздегі тіркелген алкоголь өнімінің 7%-ға өсу тенденциясы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!