Қазақстанның басым бөлігінде жоға өрт қаупі сақталады

Фотография - Қазақстанның басым бөлігінде жоға өрт қаупі сақталады

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

174 0

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталуда, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Метеорологтардың мәліметінше еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыс пен солтүстік-батыста құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде найзағай ойнап жауын жауады, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Ақмола, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұманды болады, Шығыс Қазақстанда күндіз жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады, Батыс қазақстанда және Атырау облыстарында шаңды дауыл аралас соғады.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!