Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүр

Фотография - Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында жұмыс сапарымен жүр

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

188 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкімет басшысының бірінші орынбасарымен бірге Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Марат Толыбаев, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов және бірқатар орталық мемлекеттік органдардың өкілдері келді.

Олар жұмыс сапарын Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Көкарал бөгетін көруден бастады. Осы жерде «Сырдария өзені арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» (САРАТС) жобасының бірінші және екінші кезеңдерін жүзеге асыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды. Аталмыш жобаның екінші кезеңі бойынша Қызылорда су торабының сол жағалық реттегіш шлюзін, Қазалы және Қармақшы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру, Сырдария өзенінің Қорғанша және Тұрымбет учаскелері тұсындағы арнасын түзету, Қазалы ауданының Бірлік ауылы жанындағы автожолдағы көпірді жөндеу, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін жаңғырту, Қамыстыбас питомнигінің Тастақ учаскесіндегі тоған шаруашылығын кеңейту секілді жұмыстарды атқару қарастырылған. Қазіргі таңда 6 бағыт бойынша жасалған техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік құрылыс сараптамасынан өтуде. Сондай-ақ, САРАТС жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыру шеңберінде Арал теңізінің солтүстік бөлігін жаңғырту және оның техникалық-экономикалық негіздемесін қайта қарау, Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігін су ресурстарымен қамтамасыз етуді басқару жұмыс орталығын жабдықтау жалғасып жатыр.

Орталық мемлекеттік органдардың өкілдері осы жұмыстардың жайымен толық танысып болған соң, Арал балық өңдеу зауытына аялдады. Сондай-ақ, Әйтеке би кентіне ат басын бұрып, «Рза» АҚ сүт өнімдерін өңдеу зауытында болды. Олар мұнда 660 бас ірі қараны бағып отырған кешеннің жұмысына қанықты. Ал Мұратбаев ауылдық округінде Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жаханов ауылдардағы мемлекеттік- жекеменшік әріптестіктің жайы мен алдағы округтер әкімдерін сайлауға дайындық барысын айтып берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!