Америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған балаларды зорлаған деп айыпталуда

Фотография - Америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған балаларды зорлаған деп айыпталуда

Қазақстаннан бір қыз бен ұл асырап алған ерлі-зайыптылар бүлдіршіндерді зорлады деп айыпталды. Бұл сұмдық оқиға Массачусетс штаты, Ворчестер қаласының Жоғарғы сотында қаралып жатыр.

265 0

Қазақстаннан бір қыз бен ұл асырап алған ерлі-зайыптылар бүлдіршіндерді зорлады деп айыпталды. Бұл сұмдық оқиға Массачусетс штаты, Ворчестер қаласының Жоғарғы сотында қаралып жатыр.

Уитинсвиль қалашығының тұрғыны 50 жасар Джозеф Мэйотт (суретте оң жақта) және оның 49 жасар әйелі Линда (сол жақта) 2009 жылы сотталды. Оларға 14 жасқа толмаған баланы зорлау, инцест және т.б. 26-тармақ бойынша айып тағылды.

2010 жылы ерлі-зайыптылар кінәсіз деп танылған, алайда, сот 25 мың доллар айыппұл төлету және GPS-датчиктер тағып жүру туралы шешім шығарған. Үш жыл өткенде сот елді дүрліктірген бұл оқиғаны қайта қарауды қолға алды.

Аймақтық прокурордың көмекшісі Шэрил Риддлдің айтуынша, бұл балалар Қазақстаннан 2004 жылдың тамызында әкелінген. Ол кезде қыздың жасы 8-де, ал бала 13-те болған.

Кішкентай ғана бүлдіршіндер өздеріне мүлде түсініксіз тілде сөйлейтін бөтен елде тұратындықтан, асырап алған ата-аналарына ғана арқа сүйеген. Осыны пайдаланған америкалық еркек қызды, ал әйелі баланы жанына алып жатқан.

2007 жылы 11 жасқа толған қыз әкесінің арам ниеті туралы көршісіне хабар береді. Алайда, басындағы жағдайды полицейлерге айтуға бата алмай жүреді, өйткені өгей шешесі оларды қорқытып отырған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!