Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Байқоңыр қаласында болды

Фотография - Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Байқоңыр қаласында болды

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

134 0

Қазақстан Ренспубликасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында басталған бүгінгі сапары барысында Байқоңыр қаласына келді.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкіметі басшысының бірінші орынбасары бастаған делегация мұнда таяуда ғана «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған орынды көрді. Одан кейін «Гагарин старты» орталығында, «Байқоңыр» ғарыш айлағының мұражай кешені және Төретам кентіндегі емханаларда болды. Осында зымыран тасығышының құлаған орнын қалпына келтіріп, залалсыздандыру жұмыстарын бақылау комиссиясының көшпелі мәжілісі өткізілді.

Мәжілісте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» ғарыш айлағында болған апат облыс тұрғындарының денсаулығына әсерін тигізіп жатқанын атап өтті. Осыған орай аймақ басшысы нақты шараларды қолға алуды ұсынды. Экологиялық жағдайға байланысты ұдайы мониторинг жасап және аймақтағы халық денсаулығын бақылап отыру қажеттігін, сондай-ақ ғарыштық инфрақұрылым нысандарын қолдануда бірлесіп бақылау керектігін атап өтті. «Тұрғындардың әлеуметтік хал-жағдайын көтеру үшін Байқоңыр қаласын, Төретам кентін және Ақай ауылын дамыту жолдарын қарастыру керек»,-деді Қ. Көшербаев.

 


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!