Мемлекеттік Туды дұрыс ілмегені үшін қос мекеме жауапқа тартылды

Фотография - Мемлекеттік Туды дұрыс ілмегені үшін қос мекеме жауапқа тартылды

152 0

Орал қаласы прокуратурасы қала аумағында орналасқан ұйымдар мен мекемелерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңының қолданылуына тексеріс жүргізу барысында Мемлекеттік Тудың  мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмеу деректерін анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, тексеріс кезінде  «Орал механикалық зауыты» ЖШС ғимаратында орналасқан Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұрмаған, сонымен қатар тудың матасында жыртылған жерлері бар, аталған жағдай «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңының 4-бабының талаптарына қайшы келеді. Осыған ұқсас құқық бұзушылық «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ-нің ғимаратында  да орын алған.

Осыған орай қала прокуратурасы әкімшілік іс өндірісін қозғап,  сот қаулыларымен қос құқық бұзушы мекеменің («Орал механикалық зауыты» ЖШС, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ) әрқайсысына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  354-1-бабына сәйкес 200 АЕК көлемінде айыппұл  салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!