Мұхтар Әбілязов Францияда ұсталды

Фотография - Мұхтар Әбілязов Францияда ұсталды

 Мұхтар Әбілязовті 31 шілдеде Ниццадағы үйінде жасырынып жатқан жерінен Францияның арнайы күштері ұстады

181 0

 Мұхтар Әбілязовті 31 шілдеде Ниццадағы үйінде жасырынып жатқан жерінен Францияның арнайы күштері ұстады.

Ұлыбританиялық The Financial Times басылымы 31 шілде күні Әбілязов отбасының адвокатына сілтеме жасай отырып, оның Ресейдің тапсырысы бойынша ұсталғанын хабарлады.

Әбілязов жетекшіілік еткен БТА Банкінің шотында 15 миллиардтан астам қаржының кем шыққаны белгілі болғаннан кейін, 2009 жылдан бастап Қазақстан сот органдарынан жасырынып жүр. М.Әбіләзов осы қаржыны жымқырды деп айыпталды.

Қазіргі таңда оған Қазақстанда айлакерлік және астыртын әрекет жасаумен БТА Банкінің қаржысын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топты құру және ақшаны жылыстату фактілері бойынша оған айып тағылған. 2009 жылдың наурыз айында Әбіләзовті қамауға алу жөнінде халықаралық ордер берілді. Ұқсас қылмыстық әрекеттері үшін Украина және Ресей биліктері Әбіләзовке жеке қамауға алу жөнінде ордер тағайындады.

Сонымен қоса, Әбіләзов қашып жүрген Ұлыбританияда БТА Банк оған қарсы азаматтық іс ұйымдастырды. Жақында Ұлыбританияның Жоғарғы Сотының шешімі бойынша М.Әбілязовтің 4 миллиардқа жуық активтерін банкке қайтадан қайтару туралы қаулы етілді. Ұрланған активтерді жасыру, тергеушілікке кедергі келтіру фактілері бойынша және сотты сыйламағандығы үшін кінәлі деп танылып, жалпы ұзақтығы 22 айға тең мерзімге түрмеге қамауға алу туралы үкім шығарылғаннан кейін ол Ұлыбританиядан қашып кетті. Ақырында Әбілязов осы шешімге қарсы аппеляциялық шағым жасады, алайда Ұлыбританияның Жоғарғы Сотымен қанағаттандырылмады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!