Канн билігі Әблязовтың ұсталғандығын жоққа шығарды

Фотография - Канн билігі Әблязовтың ұсталғандығын жоққа шығарды

Канн (Франция) қаласының орталық комиссариаты БТА-Банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың ұсталғандығы жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жайында ИТАРР-ТАСС хабарлайды

167 0

Канн (Франция) қаласының орталық комиссариаты БТА-Банктің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың ұсталғандығы жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды. Бұл жайында ИТАРР-ТАСС хабарлайды.

Бұған дейін Әблязовтың қорғаушысы британдық "Файнэншл таймс" басылымына берген сұхбатында экс-банкир Францияның оңтүстігінде қолға түсті деп мәлімдеген болатын. Заңгер қолға түсіру оқиғасы курортты Канн қаласының маңында болғандығын да айтқан еді. Оны құрықтау туралы тапсырысты Ресей тарапы берген деген мәліметтер де бар.

Мұхтар Әбілязов 2005-2009 жылдары «БТА» банкінің директорлар кеңесіне жетекшілік етіп, 2009 жылы Қазақстан мен Ресейде оған қарсы «ірі көлемдегі ақшаны жымқырды» деген айып тағылып, қамауға алу ордері берілді. Осыдан кейін ол Ұлыбританияға қашып, сол жақтан саяси баспана алды. Қазақстан тарабы оны ұстау туралы Интерполға сұраныс жіберген.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!