Еңбек министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Фотография - Еңбек министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

348 0

Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар негізінен зейнетақыны қайта есептеу және төлеу, мүгедек санатын анықтау, жұмыспен қамту жайларын көтерді. Тамара Дүйсенова өтініштерге орай тиісті түсіндірулер мен жауаптар берді.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылы ведомство өкілдері әлеуметтік мәселелер бойынша 29 адамды қабылдаған.

Айта кетер жайт, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесі жыл сайын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. 28 наурызда өткізілген шараға жалпы саны 18 мың адам қатысқан. Оның нәтижесі бойынша 40 пайызға жуығы оң шешімін тапты: 2849 адам жұмыспен қамтылса, 1597 адам еңбекақы төленетін қоғамдық жұмысқа, 931 жас маман жастар тәжірибесіне, 107 адам қайта оқытуға, 1257 адамға әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама берілді, 478 адам кәсібін дамыту бойынша несие алды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!