ХКБ Бас хатшысы ЭКСПО-ға әзірлік барысын жоғары бағалады

Фотография - ХКБ Бас хатшысы ЭКСПО-ға әзірлік барысын жоғары бағалады

Бүгін Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астанаға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өткізген брифингінде ЭКСПО жобаларының табысты жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

200 0

Бүгін Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астанаға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өткізген брифингінде ЭКСПО жобаларының табысты жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

«Қазақстан бұған дейін өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы орындап келеді. Менің ойымша, Тіркеу құжаттамасы да уақытылы тіркеледі. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы аз ғана уақыт аралығында құрылғанына қарамастан, өзінің тиімділігін танытып келеді», - деді ХКБ Бас хатшысы.

Сонымен қатар мәртебелі мейман Қазақстан әзірлеп жатқан Тіркеу құжаттамасының жобасын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтқанын да жеткізді. «Біз дұрыс жолдамыз, ендігіде аталған құжатты жетілдіре түсуге тиіспіз. Атап айтқанда, шеберлік жоспарының кейбір элементтерін айқындау керек. Сосын коммуникациялық бағыттағы кейбір мәселелерді де құжаттамаға енгізген ләзім. Менің ойымша, құжаттама дер уақытында тапсырылады деп ойлаймын, қазірдің өзінде ауқымды жүмыстар түгесілді. Біраз толығатын тұстары бар, оған уақыт дес береді», - деді В. Лоссерталес.

«Айтпақшы, «ЭКСПО-2017» логотипіне қатысты біраз алаңдағаным бар, қандай жоба таңдалатындығына қатысты. Алайда, таңдалған нұсқа маған ұнады. Бұл Қазақстанда өтетін халықаралық шараның тақырыбын аша түседі деп ойлаймын. Мұнда көрменің басты идеясы қамтылған», - деді ол.

Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияев көрменің эскиз-нобайының таңдалу барысына тоқталып өтті. Оның айтуынша, эскиз идеяға 105 архитекторлар мен компаниялар өз өтініштерін, туындыларын тапсырған. «Қазіргі таңда қырық сегіз жоба алынып, техникалық кеңес оларды көркемдігі жағынан ғана емес, мазмұнына да байқап көретін болады. Соған орай, техникалық кеңес он шақты жобаны іріктеп, кейін арнайы комиссия ішінен біреуін таңдап алатын болады. Нәтижесі алдағы бір айдың ішінде шешімін таппақ», - деді Т. Ермегияев.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!