Н. Назарбаев теміржолшыларға жаңа үйлердің кілтін табыс етті

Фотография - Н. Назарбаев теміржолшыларға жаңа үйлердің кілтін табыс етті

Бүгін Астанада Көлік қызметкерлері күні қарсаңында "Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ өз жұмысшыларына арнап салған 548 пәтерлі тұрғын үй кешені ашылды.

161 0

Бүгін Астанада Көлік қызметкерлері күні қарсаңында "Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ өз жұмысшыларына арнап салған 548 пәтерлі тұрғын үй кешені ашылды.

Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Президент пәтерлердің бірін қарап шығып, пәтер иелерін қос мерекесімен құттықтады.

«Бүгін қуанышты күн – ертең кәсіби мереке, пәтер кілттерін алып отырсыздар. Бүгін теміржолшыларға бірінші кезеңде аяқталған 548 пәтердің кілті беріледі, ал жыл соңына қарай тағы осынша мамандарымыз жаңа шаңырақта қоныс той өткізетін болады. Мен шын жүректен осы қуаныштарыңызбен құттықтаймын», - деді Мемлекет басшысы салтанатты шараның ашылуында.

Сонымен қатар, Президент: «Тәуелсіздігімізді алғалы 1200 шақырым теміржол желісін салдық. Қазіргі кезде тағы 1200 шақырым теміржол салынып жатыр. Бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттердің ешбірі мұндай жол әлі салған жоқ», - деп, жеткен жетістіктердің бірқатар тілге тиек етті.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы 2012 жылы басталған. Қазір оның бірінші кезегі пайдалануға беріліпті.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, алдағы уақытта бұл ауданда 1029 теміржолшы қоныс тебеді. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 99 мың шаршы метр болса, оның ішінде пайдалы алаңы 78 мың шаршы метрді құрайтын көрінеді.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!