Қазақстанда шыққан өнімнің 80%-ы сертификатталмайды

Фотография - Қазақстанда шыққан өнімнің 80%-ы сертификатталмайды

Бұл туралы бүгін Алматыда қазақстандық өнім үлесін арттыруға, мемлекеттік қолдау, тарифтік емес әдіспен ішкі нарықты қолдауға қатысты жиында Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі Еркін Дуйсеев атап өтті.

228 0

Қазақстанда шыққан өнімнің 80%-ы сертификатталмайды. Бұл туралы бүгін Алматыда қазақстандық өнім үлесін арттыруға, мемлекеттік қолдау, тарифтік емес әдіспен ішкі нарықты қолдауға қатысты жиында Индустрия және жаңа технологиялар министрінің кеңесшісі Еркін Дуйсеев атап өтті.

«Статистикаға қарасақ, 80-нен 90%-ға дейін өнім елімізде сертификатсыз таралады. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Тек қана мемлекеттік сала өнімге сертификат алатын болса, жеке кәсіп саласы бұны назардан тыс қалдырып келеді. Сондықтан олардың өнімі арзан әрі жеңіл бәсекелесе алады. Яғни, 700 қызметкері бар, әлеуметтік салаға қолдау көрсететін, салық төлейтін, инфрақұрылымды қамтамасыз ететін компанияға қарағанда 5 жұмысшысы бар, бір есепші, бір логисті бар кәсіпорынға әлдеқайда жеңіл. Яғни алдыңғысында нарыққа икемді болу қиын. Осындай тұстар болмауы үшін мүмкіншілікті теңеу керек секілді», - деп мәлімдеді Е.Дүйсеев.

Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің сертификатттау үдерістеріне ықыласы болмауы салдарынан жосықсыз бәсекелестікті туатынын айтып өтті. Оның сөзіне қарағанда, салық комитеті, кеден, бәсекелестікті қорғау агенттігі, санэпидстанса, мемлекеттік қадағалау ТРМК секілді органдар жосықсыз бәсекелестікпен күресті қамтамасыз етуі қажет.

«Бізге дайын өнімнің талап етілетін барлық үдерістерден өту барысын қадағалауымыз керек. Адам құрылғыны сертификаты, кедендік ресім құжатынсыз сатып ала алмайтындай етіп заңнамамен бекіту керек», - деп ұсынды Е.Дүйсеев.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!