Серiк Ахметов теміржол қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады

Фотография - Серiк Ахметов теміржол қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтады

Бүгiн Астанада өткен салтанатты жиын барысында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов көлiк саласының қызметкерлерiн төл мерекелерiмен құттықтады.

313 0

Бүгiн Астанада өткен салтанатты жиын барысында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов көлiк саласының қызметкерлерiн төл мерекелерiмен құттықтады.

«Құрметтi темiржолшылар, қадiрмендi еңбек ардагерлерi, баршаңызды кәсiби мереке – көлiк саласы қызметкерi күнiмен құттықтауға рұқсат етiңiздер. Көлiк жүйесi, оның iшiнде темiр жол саласы экономиканың күретамыры болып табылады. Елiміздiң көлiк инфрақұрылымын дамытуда «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы маңызды орын алып отыр», - дедi Үкiмет басшысы.

Премьердің пайымынша, бүгiнде әлемдiк бәсекеге сай қызмет көрсетiп отырған бiрегей компания шын мәнiнде елiміздiң индустриялдық-инновациялық бағдарламасының локомотивiне айналды.

«Бұл орайда осы саланың дамуына үлес қосып отырған темiржол қызметкерлерiнiң ерен еңбегiн ерекше атап өткiм келедi. Компания алдағы уақытта да ұлттық темiр жол желiсiнің тиiмдiлiгiн қамтамасыз етiп, ел экономикасының тiрегi болатынына сенiмiм мол», - деп түйіндеді С.Ахметов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!