Ресей "Протон" жарылысы үшін өтемақы төлеуге дайын

Фотография - Ресей "Протон" жарылысы үшін өтемақы төлеуге дайын

«Байқоңыр» жерін жалдап отырған ресейліктерге енді қоршаған ортаға келтірілетін залалды шектейтін экологиялық талаптар қойылмақ

244 0

«Байқоңыр» жерін жалдап отырған ресейліктерге енді қоршаған ортаға келтірілетін залалды шектейтін экологиялық талаптар қойылмақ.

Бұған дейінгі жалға беру туралы құжатта еліміздің экологиялық мүдделері ескерілмей келген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл туралы Протон құлаған жерге араға бір ай салып барып жеткен Үкімет мүшелері мәлімдеді.

«Екі жақты келісімді қайта қарап шығатын уақыт келді. Орын алған апат бұған дейінгі келісімдердегі көптеген кемші тұстарды көрсетіп отыр. Біз Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану шеңберіндегі екі жақты ортақ шешімге келеміз деген ойдамыз»", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары-өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев

Белгілі болғандай, ресейлік тарап, радиоактивті улы зымырандарды ұдайы ұшыра отырып, осы уақытқа дейін өңірде не бірде-бір емхана, не мектеп тұрғызбаған.

Өңірдің әлеуметтік-экологиялық жағдайын күйттеген шенеуніктер ресейліктерге улы гепилді қауіпсіз жанармаймен алмастыруды талап етпекші. Ол үшін арнайы хаттама жасамақ.

Ал апат салдарынан қазір өңірде тыныс демікпесі дендеген. Ауру белгілері, әсіресе, айлаққа жақын орналасқан Қазалы ауданы мен Төретам ауылында көптеп білініп отыр.

Десе де, шығынның орнын толтырмас бұрын, көрші Ресей тұрғындардың нақты гептилден зардап шеккенігі туралы дәлел сұрап отыр - деп  хабарлады baq.kz

 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!