Түркияның Бас консулдығы ашылады

Фотография - Түркияның Бас консулдығы ашылады

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Ақтау қаласында Түркия Республикасының Бас консулы қызметіне жаңа тағайындалған Мутебер Кылыч Коч ханыммен кездесті

244 0

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Ақтау қаласында Түркия Республикасының Бас консулы қызметіне жаңа тағайындалған Мутебер Кылыч Коч ханыммен кездесті - деп хабарлады ҚазАқпарат

Жүздесу барысында Ж. Түймебаев екі ел аймақтарында консулдықтар ашудың маңыздылығын айта келе, 2012 жылдың қазан айынан бері Анталия провинциясында ҚР Консулдығының жұмыс істеп жатқандығын еске салды.

Сондай-ақ, екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту саласында Карс-Тбилиси-Баку темір жол магистралін іске қосу, Қазақстаннан Түркияға Түркіменстан және Иран арқылы темір жол жүктерін тасымалдауды ұйымдастыру өте маңызды болып табылатындығы айтылды. Ж. Түймебаев Қазақстаннан Түркіменстанға дейінгі темір жол тармағы құрылысын Қазақстан жағы аяқтағанын тілге тиек етті.


Тегтер:

т

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!