Қытайдан Германияға қатынайтын «Deutsche Bahn» алғашқы тауар пойызы Қазақстанды басып өтті

Фотография - Қытайдан Германияға қатынайтын «Deutsche Bahn» алғашқы тауар пойызы Қазақстанды басып өтті

ГерманиядағыҚР елшілігі Гамбургте Қазақстан аумағы арқылы өткен, Қытайдың Женгжоу қаласынан келген «Deutsche Bahn» компаниясының алғашқы тауар пойызын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты

438 0

ГерманиядағыҚР елшілігі Гамбургте Қазақстан аумағы арқылы өткен, Қытайдың Женгжоу қаласынан келген «Deutsche Bahn» компаниясының алғашқы тауар пойызын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты.

Мерекелік салтанатқа Германия және Қытайдың саяси және іскер қауымы өкілдері қатысты, олардың арасында «Deutsche Bahn» герман теміржол компаниясының басқарма төрағасы Рудигер Грубе, Гамбург қаласы экономика, көлік және инновациялар жөніндегі сенаторы Франк Хорх, Женгжоу қаласының әкімі Ма Йи бар.

Пойыз 15 күнде 11 мың шақырымнан астам жол жүрді, оның ішінде шамамен 3 мың шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, тек қана 2014 жылы Германиядан Қытайға және кері қарай қатынайтын 50-ден астам пойызды іске қосу және 1 млрд АҚШ доллары сомасына тауар тасымалдауды жүзеге асыру жоспарлануда - деп хабарлады ҚазАқпарат


Тегтер:

Германия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!