Италия депутаттары Әблязовтың әйелімен кездесті

Фотография - Италия депутаттары Әблязовтың әйелімен кездесті

Қуғындағы олигарх, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаевамен жүздесуге Алматыға арнайы келген Италия парламентінің бес өкілі сенбі күні онымен кездесті

192 0


Қуғындағы олигарх, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаевамен жүздесуге Алматыға арнайы келген Италия парламентінің бес өкілі сенбі күні онымен кездесті.

- Біз Алма Шалабаева ханым және оның қызы Алуамен кездесіп, қазіргі жағдайларымен таныстық. Оның көңіл-күйі жабыраңқы екені байқалады, оны Қазақстанға еркінен тыс әкелгенін және жұбайының қазіргі жағдайын ескерсек бұлай болуы түсінікті, - деді Манлио Ди Стефано.

Италия парламентінің өкілдері Алессандро Ди Баттиста, Манлио Ди Стефано, Даниеле Дель Гроссо, Карло Себиллия және Эммануил Скаюзи Алма Шалабаева мен қызының Қазақстанға экстрадициялануы заңға сәйкес болмағандықтан олардың Еуропаға қайтуына шектеу болмау керек деген пікірде. Олар бұл мәселені дүйсенбі күні Астанада Қазақстанның ресми өкілдерімен кездесуде көтеретіндерін жеткізді.

Сонымен бірге жексенбі күні Италия парламентінің өкілдері Алматыда қазақстандық азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Қазақстандық белсенділер Италия өкілдерінің 3 тамызда Алматыда Алма Шалабаевамен кездесуінен түсірген видеосы интернетте жарияланды.

2013 жылы 31 мамыр күні Италия полициясы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Алуаны Римде тұрып жатқан жерінен ұстап, Қазақстанға депортациялаған. Кейін Италия үкіметі депортация туралы шешім заңсыз екенін мәлімдеп, бұған қатысты кінәні мойнына алған Италия ішкі істер министрлігінің лауазымды шенеунігі отставкаға кеткен.

Қазақстан үкіметі "экономикалық қылмыс жасаған" деген айыппен іс қозғап, іздеу жариялаған қуғындағы қазақ саясаткері әрі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты шілденің 31-і күні Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстаған.

1 тамызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының прокуроры Соланж Легра Азаттыққа Әблязов өзін экстрадициялау мәселесі шешілгенше әзірше қамауда бола тұратынын айтқан.

Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеп келеді - деп хабарлады  azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!