ҚР Президенті Х.Руханиді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады және жоғары қызметінде табыстар тіледі

Фотография - ҚР Президенті Х.Руханиді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады және жоғары қызметінде табыстар тіледі

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

168 0

 Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханиді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады және жоғары қызметінде табыстар тіледі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттары бойынша даму перспективаларын қарады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани екі елдің транзиттік-көліктік мүмкіндігін белсенді пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Жаңаөзен-Қызылқия-Берекет-Этрек-Горган бағыты бойынша теміржол желісінің қолдағы бар әлеуеті айрықша атап өтілді, ол аймақтық сауда-экономикалық өзара іс-қимылға едәуір жан бітіруге және аймақтың көлік-коммуникациялық құрылымының тиімділігін арттыруға қабілетті.

Тараптар сондай-ақ ирандық ядролық бағдарлама төңірегіндегі жағдайды тезірек реттеу мәселесін талқылады, Қазақстан оған, соның ішінде «5+1» форматындағы жаңа келіссөздер үшін алаң ұсыну арқылы белсене қатысуға әзір.

Кездесудің соңында Қазақстан Президенті жаңадан сайланған Х.Руханиге достас Иранды дамыту және гүлдендіру жолындағы барлық бастамаларының ойдағыдай жүзеге асуына тілегін білдірді - деп хабарлады ҚазАқпарат

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!