Елбасы Иран Президентімен кездесті

Фотография - Елбасы Иран Президентімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

211 0

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Х.Руханиді сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары қызметіне табыстар тіледі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды бағыттарын дамытудың перспективаларын қарастырды, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани екі елдің транзит-көлік мүмкіндіктерін анағұрлым белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті. Жаңаөзен – Қызылқия – Берекет – Этрек – Горган бағыттары бойынша теміржол желісінің әлеуеті ерекше атап өтілді, ол өңірлік сауда-экономикалық өзара іс-қимылды айтарлықтай жандандыруға және өңірдің көлік-коммуникация құрылымының тиімділігін арттыруға қабілетті.

Тараптар Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды тезірек реттеу мәселесін де талқылады. Қазақстан оған белсене қатысуға, соның ішінде «5+1» форматында жаңа келіссөздер жүргізу орны ретінде алаң ұсыну арқылы атсалысуға дайын.

Соңында Қазақстан Президенті жаңадан сайланған Х.Руханиге достас Иранның дамуы мен өркендеуі жолында барлық бастамаларын табысты іске асыруына тілектестігін білдірді - деп хабарлады  bnews.kz

 


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!