Ұзақбай Қарабалин Мұнай және газ министрі ретіндегі тұңғыш сапарын Маңғыстаудан бастамақ

Фотография - Ұзақбай Қарабалин Мұнай және газ министрі ретіндегі тұңғыш сапарын Маңғыстаудан бастамақ

7- 9 тамыз аралығында еліміздің Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің Маңғыстау облысына жұмыс сапары жоспарланып отыр

220 0

7- 9 тамыз аралығында еліміздің Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің Маңғыстау облысына жұмыс сапары жоспарланып отыр.

Бұл туралы дүйсенбідегі дәстүрлі брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, бұл Ұзақбай Қарабалиннің Қазақстанның Мұнай және газ министрі ретіндегі тұңғыш жұмыс сапары. «Оның аясында министр «МаңғыстауМұнайГаз» және «ӨзенМұнайГаз» компанияларының қызмет барысымен танысатын болады. Бұдан бөлек, мұнайгаз саласының басшысы Каспий теңізіндегі кәсіпорындардың өзекті проблемаларына арналған жұмыс форумына қатысуды жоспарлап отыр. Аталмыш форум осы өңірде 9 тамызда  өтеді деп жоспарланған», дейді А. Әбибуллаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!