Елімізде күріш жаңа әдіспен өсірілетін болады

Фотография - Елімізде күріш жаңа әдіспен өсірілетін болады

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлан Соңғыбайұлы мәлім етті.

232 0

Қызылорда облысында күріш пен оның шетелдік сұрыптарын өсірудің жаңа технологиясы сыналмақ. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлан Соңғыбайұлы мәлім етті.

«Аймақ жетекшісі Қырымбек Көшербаев облыс әкімдігінде экономиканың күріш саласын нығайту бойынша өткен кеңейтілген жиналыс барысында бірқатар жаңа мәліметтер ұсынды, - деді ол. – Келесі жылы облыстың Сырдария ауданындағы «Мәди қажы» шаруашылығы базасында күріштің италиялық сұрыптарын өсіру жобасы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар «Шаған» шаруашылығы жерлерінде ғалымдар мен су мамандарының атсалысуымен суды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру әдістерін зерттеу бойынша ілкі жоба іске қосылатын болады. Егер осы жобалар тиімді нәтиже берсе, тәжірибе облыстың барлық аймақтарында пайдаланылады деген жоспар бар».

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!