Қазақстанда 400 тонна сапасыз азық-түлік сатылымнан шығарылған

Фотография - Қазақстанда 400 тонна сапасыз азық-түлік сатылымнан шығарылған

деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында. 

207 0

Қазақстанда 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 400 тоннаға жуық сапасыз азық-түлік өнімі анықталып, жойылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында. 

«Біз Қазақстанға әкелінетін және осында өндірілетін өнімдерді тұрақты мониторинг жүргізіп тұрамыз. Мониторинг барысында үстіміздегі жылдың жартыжылдығының қортындысы бойынша 400 тонна азық-түлік саудадан алынып тасталып, жойылды. Негізінен бұл микробиологиялық көрсеткіштер бойынша санитарлық нормаларға сәйкес келмеген, сапасын растайтын құжаттары жоқ азық-түліктер», - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі барлық қажетті инфрақұрылымға және азық-түліктің сапасын анықтайтын, бұрмаланған өнімдерді табатын құрал-жабдықтарға ие екенін атап өтті.

Ж.Бекшин айтып өткендей, «бұл функция өз зертханалары мен кадрлық құрамын сақтап қалған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жүктелуі мүмкін».

«Бұл жұмыс елімізде әлі жүргізілген жоқ... Оған қоса, Қазақстанның ішкі нарығына бұрмаланған ет және сүт өнімдерінің келуімен жағдай қиындап кетті. Азық-түліктерге арзан толтырғыштар мен алмастырғыштар қосылады. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылдан басталады», - деп толықтырды ол.

Санитарлық-эпидемиологиялық жүйеде 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер, ғылыми орталықтардың, зертханалардың және обаға қарсы дезинфекциялық қызметтердің 10 мыңға жуық маманы жұмыс жасайды. Қызметте 100-ге жуық бірлік заманауи зертханалық құрал-жабдық бар, олар ГМО диагностикалауға және азық-түліктерді радиациялық заларсыздандыру жүргізуге мүмкіндік береді.


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!