ҚР Сыртқы істер министрі Италияның бір топ депутаттарымен жүздесті

Фотография - ҚР Сыртқы істер министрі Италияның бір топ депутаттарымен жүздесті

бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Италия Республикасы парламентінің «Бес жұлдыз» фракциясының бір топ депутаттарымен кездесу өткізген

123 0

Былтыр Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 16,4 млрд. АҚШ долларын құраған. Ал осы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 7 миллиардтан асып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкімі Жанболат Үсенов айтты.

Оның атап өтуінше, бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Италия Республикасы парламентінің «Бес жұлдыз» фракциясының бір топ депутаттарымен кездесу өткізген.

Ресми өкілдің атап өтуінше, келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан-Италия қарым-қатынастарының жалпы мәселелері болды. Кездесуде тарихи уақытпен өлшегендегі қысқа ғана мерзімде елдеріміздің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттесуде үлкен жол жүріп өткені туралы айтылды.

Ресми өкілдің айтуынша, Рим - Астананың саяси және экономикалық басты әріптестерінің бірі. Италия Қазақстанмен өзара тауар айналымы бойынша шетелдер арасында үшінші орында нық тұр. Мәселен, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 16,4 млрд. АҚШ долларын құраса, осы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7 миллиардтан асып отыр.

«Әскери салада да ынтымақтастығымыз дамуда. Атап айтқанда, Ауғанстаннан италиялық халықаралық қауіпсіздік күштер контингентінің шығу мәселесі бойынша әрекеттесу болып табылады», - деп атап өтті Ж. Үсенов.

Ресми өкілдің мәліметтері бойынша, үстіміздегі жылдың ақпан айында ҚР аумағы арқылы транзит туралы тиісті келісімге қол қойылып, оның ратификациялануы болашақта көзделіп отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!