Православ шіркеуі Софроний әкейге мұрсат сұрады

Фотография - Православ шіркеуі Софроний әкейге мұрсат сұрады

Қазақстандағы православ шіркеуі басшылығы Софроний әкейдің ісіне байланысты Алматы облыстық соты төрағасына хат жазды

132 0


Қазақстандағы православ шіркеуі басшылығы Софроний әкейдің ісіне байланысты Алматы облыстық соты төрағасына хат жазды. Шіркеу соттың игумен Софронийді елден шығару шешімін оның Қазақстандағы шаруаларын шешкенше бір жылға шегере тұруды сұрады. Бұған дейін Алматы епархиясы сотқа игуменді елден шығармау туралы өтініш айтқан еді.

Софроний әкейге қатысты "8 тамызда Қазақстаннан Ресейге қайтарылу керек" деген шешімді 29 шілдеде Алматы облысының Іле аудандық соты шығарған. Ресей азаматы, Софроний деген атпен белгілі Петр Евтихеевті депортациялау ісі, оның Қазақстандағы жұмысы, балалар мен қарттар паналайтын баспанасы жайлы Азаттық бұған дейін жазған.

Ол Қазақстанға 1991 жылдың соңында келген. 1993 жылы Алматы православие училищесін, 1999 жылы сырттай Тобыл семинариясын бітірген - деп хабарлады  azattyq.org


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!