Әмбебап полицейлер жұмыс жасай бастады

Фотография - Әмбебап полицейлер жұмыс жасай бастады

Орал қаласының көшелерінде 1 тамыздан тәжірибе ретінде әмбебап полицейлер жұмыс жасай бастады

160 0

Орал қаласының көшелерінде 1 тамыздан тәжірибе ретінде әмбебап полицейлер жұмыс жасай бастады.

Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мүсілім Жәрдемовтің айтуынша, департамент бастығының бұйрығымен жол-күзет қызметінің взводы құрылды. Бұл взводтың құрылуы биылғы 1 қазаннан патрульдік және жол полициясының бірігуінің бастапқы жолашары болып отыр. Взвод құрамында 30 адам бар: жол полициясы батальонының 10 инспекторы мен патрульдік полиция батальонының 20 полицейі күндізгі 14.00-ден бастап түнгі 02.00-ге дейін қызмет етеді. Олар 10 «Лада-2110», «Приора» автокөлігімен қамтамасыз етілген - деп хабарлады ҚазАқпарат

Взводтың алғашқы күндердегі жұмысы оң нәтиже беруде. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіп бұзылған кезде жедел әрекет жасалып, ұсақ бұзақылық, ішімдікке салынушылықты ашу, жол ережесін бұзудың жолын кесу деңгейі өсті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!