А. Шалабаева тарапынан шетелге шығу туралы ешқандай өтініш жасалған жоқ

Фотография - А. Шалабаева тарапынан шетелге шығу туралы ешқандай өтініш жасалған жоқ

 Францияда ұсталған Әбіләзовтің жұбайы Алма Шалабаева тарапынан шетелге шығу туралы ешқандай өтініш жасалған жоқ

181 0

 Францияда ұсталған Әбіләзовтің жұбайы Алма Шалабаева тарапынан шетелге шығу туралы ешқандай өтініш жасалған жоқ.

«Шалабаева ханым 1 маусымнан бастап ешқайда кетпеу туралы қолхатпен отыр. Бұл оның тергеушілердің рұқсатынсыз Алматыдан кете алмайтындығын білдіреді. Қалған құқықтары бойынша ол шектелмеген», - деді Нұрдәулет Сүйіндіков. Оның айтуынша, егер А. Шалабаева егер өз еркімен Алматыдан тыс басқа жаққа, соның ішінде шетелге шығуы талап етілетін жағдайлар болса, ол тергеушіге тиісті өтініш бере алады, ал тергеуші осындай мүмкіндіктерді қарастырады. «Менің білуімше, ол бүгінге күнге дейін мұндай өтінішті білдірмеген», - дейді прокуратура өкілі - деп хабарлады ҚазАқпарат

Естеріңізге сала кетейік, БТА банктің экс-басшысы М. Әбіләзовтің жұбайы Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Алуа Әбіләзова Италияда Орталық Африка республикасының жалған төлқұжатымен заңсыз жүруіне байланысты ұсталып, кейіннен Қазақстанға депортацияланған болатын.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!