М.Әбілязовты Қазақстанға қайтару үшін бар күш салынбақ

Фотография - М.Әбілязовты Қазақстанға қайтару үшін бар күш салынбақ

Қазақстандық тарап Мұхтар Әбілязовты елге қайтаруға бар күшін салады. Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін осылай деп мәлімдеді

172 0

Қазақстандық тарап Мұхтар Әбілязовты елге қайтаруға бар күшін салады. Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін осылай деп мәлімдеді.

Әбілязов қазір Францияның Экс-ан-Прованс қаласында қамауда отыр. Процессуалдық мәртебесі анықталмайынша тұтқында болады. Бұған дейін айтылғандай, қазір оны өз елдеріне экстрадициялау үшін Ресей мен Украина да іске араласып отыр. Өйткені, бұл екі мемлекет те Франциямен ұсталған қылмыскерлерді ұстап беру туралы Еуропалық конвенцияға отырған. Сондықтан да қазір Әбілязовты Украинаға беру мәселесі қаралуда. «Ал, Қазақстан ол конвенцияның қатысушысы саналмайды»,- дейді Бас прокуратураның ресми өкілі. Әйтсе де, еліміздің құқық қорғау органдарының өкілдері Мұхтар Әбілязовты Қазақстанға қайтару үшін бар күшімізді саламыз деп отыр. «БТА банктің 5 млрд. АҚШ долларынан астам қаржысын жымқырып, қылмыстық топ құрды және оны басқарды» деп айыпталған Әбілязов Қазақстанға қайтарылатын болса, 13 жылға бас бостандығынан айырылып, иелігіндегі бар мүлкі тәркіленбек.

Нұрдәулет СҮЙІНДІКОВ, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Бізге белгілі ақпарат бойынша, қазіргі таңда Ұлыбритания сотымен жалпы сомасы 3,5 млрд. АҚШ долларынан асатын сомаға БТА банктің талап-арыздары қанағаттандырылды. Әбілязовтың көптеген активтеріне қатысты шектеу енгізілген. Осыған байланысты ҚР Бас прокуратурасымен Әбілязовты экстрадициялауға бағытталған қолданыстағы заңнамамен қарастырылған барлық шаралар қабылданатын болады - деп хабарлады  baq.kz


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!