«Нұр Астана» мешіті мектеп оқушыларына қайырымдылық жасалды

Фотография - «Нұр Астана» мешіті мектеп оқушыларына қайырымдылық жасалды

Кеше «Нұр Астана» орталық мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық шарасы өтт

214 0

Кеше «Нұр Астана» орталық мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық шарасы өтті - деп хабарлады  baq.kz

Шараға Астана қаласының бас имамы Қалижан Заңқоев, №24 орта мектептің директоры Ғабит Сүндетов және бір топ оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар қатысты. Алғаш сөз алған бас имам Қ.Байырбекұлы: «Бұл қайырымдылық шараны Рамазан айында өткізудегі мақсатымыз – мешіт тарапынан көп балалы ата-аналардың балаларына хал-қадірінше қамқорлығымызды көрсету болатын. Өйткені, бұл ай жақсылық жасайтын қайырымдылық айы. Біз білеміз, кейбір көпбалалы отбасыларында бірнеше балалар мектепке барады. Олардың барлығын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ата-ананың қауқары жете бермейді. Біздің де осындай сауапты іске үлесімізді қоссақ деген ниетіміз болған-ды. Міне, бүгін соны сіздермен бөлісудеміз», - дей келе, бүлдіршіндерді тәрбиелі, иманды болып өсуге шақырды.

Шара барысында Астана қаласындағы №25 орта мектептің 230 оқушысына «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйытқы болуымен балаларға мектеп формасы мен сөмкелер табысталды. Бір отбасында төрт, бес мектеп жасындағы балалар болса, олардың әрқайсысына арнайы формалар тігілді. Оқушылардың барлық формаларын мектеп ұжымы өздерінің фирмаларымен келісе отырып дайындады.

Сондай-ақ, «Нұр Астана» орталық мешіті өзге де тұрмысы ауыр ата-аналардың өтінішін қабылдап, алдағы күндері 70 оқушыға қаржылай жәрдем көрсетпек. Ең бастысы, бүгінгі жасалған қайырымды іске «Нұр Астана» орталық мешіті мен «С.Ғылмани» мешіті қаржылай үлестерін қосқанын атай кеткен жөн.

«Қуанса, бала қуансын» демекші, бүгінгі шарада балалармен бірге олардың ата-аналары да қуана түсті. Аталған мектептің директоры Ғ.Сүндетов жақсылық айында мешіттен мектепке жасалған қайырымдылық шарасына ерекше алғысын білдіріп өтті.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!