Бүгін Батыс Қазақстанның жеті ауданында ауыл әкімдері сайланады

Фотография - Бүгін Батыс Қазақстанның жеті ауданында ауыл әкімдері сайланады

Бүгін Батыс Қазақстан облысының жеті ауданында ауыл әкімдері сайланады

101 0

Бүгін Батыс Қазақстан облысының жеті ауданында ауыл әкімдері сайланады.

Облыстық сайлау комиссиясынан түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, Бөкей ордасы ауданында - 22, Тасқалада - 27, Жәнібекте - 27, Шыңғырлауда - 24, Сырымда - 37, Қаратөбеде - 24, Жаңақалада - 28, барлығы 189 үміткер додаға түскелі отыр. Оларды аудандық мәслихат депутаттары сайлайды. Сайлау таңғы сағат 9.00-де басталады, сайлау барысын қоғамдық байқаушылар бақылайды.

Облыстың қалған аудандары мен Орал қаласында сайлау 9 тамыз күні өтеді. Өңірде ауыл әкімдігіне үміткер ретінде 473 адам ұсынылған болатын, олардың сегізі өз кандидатураларын алып тастады. Қазіргі таңда қалып отырғаны - 465.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!