Бүгін еліміздің төрт облысында бұршақ жаууы мүмкін

Фотография - Бүгін еліміздің төрт облысында бұршақ жаууы мүмкін

7 тамызда республикада найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады

193 0

7 тамызда республикада найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады.

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде найзағай жарқылдайды.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз найзағай жарқылдайды.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, шаң көтеріліп, дауыл тұрады, жел 15-22 м/с-қа күшейеді.

Алматы облысында, кей жерлерде Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!