Виктор Храпунов Мұхтар Әблязовтың сөзін сөйледі

Фотография - Виктор Храпунов Мұхтар Әблязовтың сөзін сөйледі

 Қуғынға ұшыраған оппозиционерді ешқандай жағдайда Қазақстанға, Ресейге немесе Украинаға беруге болмайды, дейді Храпунов.

158 0

Алматыдан Швейцарияға қашып, бекер кетпей әжептәуір қалың малын ала кеткен Виктор Храпунов Францияда сотталған тағдырласы Мұхтар Әблязовтың сөзін сөйледі. Қуғынға ұшыраған оппозиционерді ешқандай жағдайда Қазақстанға, Ресейге немесе Украинаға беруге болмайды, дейді Храпунов.

«Қазақстан соты 2002 жылы Әблязовты заңсыз соттап, бірнеше жылға түрмеге тоғытқан болатын. Түрмеде оның аз азап шекпегені барша жұртқа мәлім. Ендігі жерде Францияда ұсталған Әблязовты Қазақстанға қайтаруға бола ма, болмай ма? - деген сұрақ туындайды. Жауап біреу ғана – Жоқ», - дейді ол.

Виктор Храпуновтың айтуынша, Әблязовты бермеуге бірнеше себеп бар екен. Ресейге беруге болмайды – өйткені Магнитск ісі бойынша саяси дауды шеше алмады, ал Украинаға бермеуге себеп – онда да былықтары жетерлік.

Естеріңізге саламыз, Виктор Храпуновты Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Ол мемлекет қаржысын өз атына заңдастырды, алаяқтық жасады, қылмыстық топ құрды, лауазымын асыр пайдаланды, пара алды деген айыптармен халықаралық іздеуде жүр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!