Ертең А.Есімов «Қазақстанның үздік тауар» иелерін марапаттайды

Фотография - Ертең А.Есімов «Қазақстанның үздік тауар» иелерін марапаттайды

 деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі.

202 0

Ертең Алматыда аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі өтеді. Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады, деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі.

Осы күні салтанатты түрде байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, оның соңы концертке ұласады. Байқау үш аталым бойынша өтеді: «Үздік өндірістік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары».

Аймақтық байқау-көрменің жеңімпаздары Алматы қаласы әкімінің 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі дипломымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал 2013 жылдың желтоқсанында Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесі өтетін болады. Оған осынау аймақтық байқауларда жеңіске жеткен жүлдегерлер де қатыспақ. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!