Қайрат Лама Шариф Қазақстанның барша мұсылмандарын Ораза айтымен құттықтады

Фотография - Қайрат Лама Шариф Қазақстанның барша мұсылмандарын Ораза айтымен құттықтады

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстанның барлық мұсылмандарын Ораза айтымен құттықтады

114 0

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстанның барлық мұсылмандарын Ораза айтымен құттықтады.

Бұл ежелгі мейрам исламның рухани негіздеріне зер салдырып, мұсылмандарды өнегелі құндылықтар мен игі істер жолында біріктіреді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал» деп ерекше атап өткен болатын.

«Алла тағала қазақстандық мұсылмандардың біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының өркендеуі мен еліміздегі татулықтың, ынтымақтың, келісімнің сақталуына дұға еткен ғибадаттары мен игі істерін қабыл етсін»,-делінген құттықтауда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!